19 желтоқсан 2021 15:26

Хоккейші матч кезінде жарақат алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Reuters Reuters

"Даллас Старз" шабуылшысы Таннер Керо басынан қатты жарақат алып, Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) кезекті маусымындағы "Чикаго Блэкхоукс" командасына қарсы матчтан кейін ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кездесу сенбі күні Далласта өтіп, қосымша уақытта алаң иелерінің 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтың төртінші минутында "Даллас Старс" шабуылшысы Таннер Керо басынан қатты жарақат алып, матчты жалғастыра алмады. 

Көп ұзамай "Далластың" орталық шабуылшысы есін жиып, қосымша тексеруге ауруханаға жіберілген.

Кероның шабуылдағы серіктесі Джо Павелски матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында жарақаты туралы айтып, көз жасын тыя алмады.

"Бұл қорқынышты жағыдай. Осындай жағдай менің де басымнан өткен, сол күні кешке менің командаластарым жиналып қолдау білдірген болатын. Таннер керемет дос, мықты спортшы, жақсы командалас. Біз бұл жеңісті міндетті түрде оған арнаймыз. Ол үшін дұға етіп, тезірек сауығып кетуін тілейміз ", - деді Павелски.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети