19 желтоқсан 2021 09:05

Жанқош Тұраров пен Елеусіновтің бауыры жекпе-жекті нокаутпен аяқтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанқош Тұраров. Фото ©Тұрар Қазанғапов Жанқош Тұраров. Фото ©Тұрар Қазанғапов

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшылар Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) пен Дәурен Елеусінов (Қазақстан, 9-1-1, 8 КО) кәсіпқой рингте жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшылар Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) пен Дәурен Елеусінов (Қазақстан, 9-1-1, 8 КО) кәсіпқой рингте жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның Нұр-Сұлтандағы кешкі бокстағы қарсыласы Мысыр чемпионы Абдумонем Саид (22-1-1, 11 КО) болды. Жекпе-жек он раундқа есептелген, бірақ бастапқы қоңыраудан 45 секунд өткен соң аяқталды, Тұраров нокаутпен жеңіске жетті.

Қазақстандық үшін бұл жеңіс оның мансабындағы 25-жеңісі болды, оның 18-і мерзімінен бұрын. Саид өзінің мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (Қазақстан, 9-1-1, 8 КО) кәсіпқой рингтегі 12-жекпе-жегін өткізді.

Нұр-Сұлтандағы бокс кеші аясында оның қарсыласы әзірбайжандық Али Мамедов (13-4, 3 КО) болды. Жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Елеусінов үшін бұл жеңіс - оныншы жеңіс. Мансабындағы бір жеңіліс пен бір тең түскен жекпе-жегі бар. Мамедов бесінші рет жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, кештің басты айқасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) арасында өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети