06 қараша 2021 23:35

Бокстан ӘЧ: Серік Теміржанов финалда жеңіліп, күміс жүлде иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz© Фото: olympic.kz©

Қазақстандық Серік Теміржанов бокстан Белградтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Серік Теміржанов бокстан Белградтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финалда Теміржанов (57 келі) америкалық 18 жастағы Джамал Харвимен қолғап түйістірді. Бес төреші де бұл кездесуде жеңісті америкалыққа берді. Осылайша, Теміржанов әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

Серік жартылай финалда кубалық Освель Кабальерродан басым түскен. Оның алдында моңғолиялық Энх-Амар Хархууды, жапониялық Рейто Тсутсумиді, үндістандық Рохит Морды, ресейлік Эдуард Савинді жеңген болатын. 

Бұл - Қазақстан құрамасының Белградтағы әлем чемпионатында алған екінші күміс медалі. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанған еді. Одан бөлек Махмуд Сабырхан күміс, Абылайхан Жүсіпов қола медаль еншілеген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети