30 қараша 2021 13:11

Алматыда әккі ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әккі ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда әккі ұрының әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметі бойынша, Алматыда 25 жастағы азамат бес күн ішінде үш рет ұялы телефон ұрлаған. Ол адамдар көп жиналатын орындарда, сауда орталықтарында, көшеде өз ойын іске асырып отырған. Оның телефондарды ұрлаған сәті бірнеше рет бейнекамераларына түсіп қалған.

"Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Анықталғандай, ол ұрлықтың бірін көшеде жасаған. Жәбірленушінің қалтасынан қымбат телефон ұрлап кеткен. Тағы бір ұрлық оқиғасында кассадағы ұялы телефонды ұрлап кеткен. Ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталған", - деді Жетісу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, бірнеше қылмысқа қатыстылығын растады. Барлық деректер бір өндіріске біріктірілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети