04 қараша 2021 17:43

Алматыда ұры сканер көмегімен көлікті ашып, 20 миллион теңге алып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда ұры сканер көмегімен бөтеннің көлігін ашып, одан 20 миллион теңге алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда ұры сканер көмегімен бөтеннің көлігін ашып, одан 20 миллион теңге алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрын қылмыс жасағаны үшін сотталған Қарағанды ​​облысының 51 жастағы тұрғыны күдікке ілінген.

"Оқиға 28 қазанда сағат 10:30-да болған. Т. есімді азамат Гоголь мен Төлебаев көшелері қиылысында тұрған Mercedes көлігін заңсыз ашып, 20 миллион теңге ақша ұрлаған. Күдікті Қарағанды ​​облысында ұсталды. Ер адам ұрланған ақшаның бір бөлігін жеке жұмсап үлгерген. Қалғаны тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша Медеу аудандық ПБ тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді", - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Оның айтуынша, күдікті дабыл жүйесін сканерлеу арқылы көлікті ашқан. Бұл қылмысқа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети