20 қаңтар 2022 08:44

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жекеменшік үйлерге қарулы шабуыл жасаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia Фото: polisia

Алматы полициясы жекеменшік үйлерге қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы полициясы жекеменшік үйлерге қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, топ құрамында Алматы облысының 29 жас пен 36 жас аралығындағы төрт тұрғыны бар. Олардың екеуі - бұрын тонау және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.

"6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздіктер кезінде олар жеке күзет ұйымдары  қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасап, олардың қызметтік қаруларын тартып алған. Кейін бірнеше жекеменшік үйге қарақшылық шабуыл жасап, оларды автоматпен және басқа да атыс қаруымен қорқытып, жеке мүлк пен екі автокөлікті иемденген. Күдіктілер қамауға алынды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстарды ашуға қаланың Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көмектесті", - дейді Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев.

Сайт мәліметі бойынша, заттай айғақтар, оның ішінде күзетшілерден тартып алынған қарулар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы және ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети