13 қаңтар 2022 13:39

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар тағы бірнеше адам ұсталды - ҰҚК

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шекара қызметі ҰҚК аумақтық бөлімшелері мен ІІМ "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесі Алматы облысында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.


Шекара қызметі ҰҚК аумақтық бөлімшелері мен ІІМ "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесі Алматы облысында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру нәтижесінде Талдықорған қаласының Полиция департаментіне жасалған шабуылға және бірнеше тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 8 адам және Алматы қаласындағы тәртіпсіздік пен тонауға қатысы бар деген күдікпен тағы 8 адам (оның ішінде Орталық Азия республикаларының 4 азаматы) ұсталды. Ұсталғандар полиция бөлімшелеріне берілді.

11 қаңтарда Түркістан облысындағы "Шымкент" авиациялық өткізу пунктінде "Түркістан-Ыстамбұл" бағытындағы КС-7425 рейсін ресімдеу кезінде Қызылорда қаласындағы митингіге қатысқан және әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздіктерге шығуға үндейтін материалдар таратқан ҚР азаматы анықталды. Ұсталған азамат Шымкент қаласының желілік полиция бөліміне тапсырылды.

10 қаңтарда Қостанай облысының "Обаған" (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру жұмыстары барысында 1986 жылы туылған ҚР азаматы, Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Оның ұялы телефонынан күш құрылымдарының арнайы жарағын (қорғаныс дулығасы, жүк кеудешесі, металл қалқаны және резеңке таяқ) асынып 5 қаңтарда түскен фотосы табылды. Тергеу жүргізу үшін аталған адам Ұзынкөл аудандық полиция бөліміне берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети