09 қараша 2021 11:07

"Қылғындырып, кейін өртеп жіберген". Алматылықты өлтірді деген күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Алматы полициясы Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде алматылық қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде алматылық қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті азамат Алматы маңындағы елді мекенде ұсталған.

"Алматы қаласы Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде азаматшаны өлтірді деген күдікті ұсталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

ZTB Telegram арнасының хабарлауынша, бұл қылмыс туралы алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Жазба авторы "жәбірленушіні алдымен тұншықтырып өлтіріп, кейін өртеп жіберген" деп мәлімдеген.

"Полицилерге күнделікті жалға берілетін пәтерлер жезөкшелер үйіне айналғанын талай рет айттық. Бірақ бұл ақпаратты олар елеген емес", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети