18 қараша 2022 14:06

Қызылорда тұрғыны күйеуін соққыға жықты деп айыптады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"НеМолчиKZ" қорының белсенділері Қызылорда Полиция департаменті қызметкерін әйелін соққыға жыққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"НеМолчиKZ" қорының белсенділері Қызылорда Полиция департаменті қызметкерін әйелін соққыға жыққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленуші бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған бейнеүндеуінде айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dina Tansari (@dinatansari)

Facebook-те жарияланған жазбада әйел күйеуі 4 қарашада оның жүкті екенін біле тұрып, соққыға жыққанын айтады. Әйелдің сөзінше, күйеуі банкамен басынан ұрып, тұншықтырған, ал ол қарсылық көрсеткен.

"Күйеуім мені мүгедек етті. Аяғым толық жұмыс істемейді, омыртқам зақымдалған. Бұл кісі өлтіру әрекеті болды. Ол мені өлтіргісі келді. Үйден шыға алмадым, бірақ ол барлық кілті алып кетті, терезеден секіруге мәжбүр болдым", - дейді ол үндеуінде.

Жәбірленушінің айтуынша, ол полиция болып қызмет ететін күйеуі жазасыз қала ма деп қорқады.

"Ол - зейнеткерлікке шыққан полиция полковнигінің ұлы. Ол жазасыз қала ма деп қорқамыз, ол әйелді мүгедек етіп, іссапарға тыныш кетіп қалды. Біз полиция қатарында зорлаушылардың, басқыншылардың жұмыс істеуіне қарсымыз! Біз адвокаттар қауымдастығына жүгінеміз, бізге көмек керек. Қыздың құқығын қорғау қажет! Осы қарапайым отбасын қолдауды сұраймыз, олар Шиелі ауылынан, байланысы мен қаражаты жоқ қарапайым адамдар", - делінген хабарламада.

Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері осы дерек бойынша ПД Жеке қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Іс басшылықтың бақылауында", - деп атап өтті полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети