15 қаңтар 2022 12:32

Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Ломбардтан ұрланған ұялы телефондар Қалқаманда тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім Райымбек даңғылының бойында орналасқан ломбардтардың бірін тонады деген күдікке ілінген.

Жәбірленуші тонау салдарынан келтірілген материалдық шығынды 2 миллион теңгеге бағалаған.

Ұрланған мобильді құрылғылар мен гаджеттерді полиция қызметкерлері күдіктінің жалға алған тұрғын үйінен тапты.

Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети