30 қаңтар 2023 10:37

LV Force қаржы пирамидасының басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қаржы мониторингі агенттігі LV FORCE атты қаржы пирамидасын құрған және басқарған әйелге қатысты соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдан бастап Е.Е. Лишко Степногорскіде жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан пайда көру мақсатында LV FORCE компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржы пирамидасын ұйымдастырған.

Осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асқан.

"Сот Е. Лишконы кінәлі деп танып, тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети