19 желтоқсан 2021 12:10

"Мектепті жарамын" деп қорқытқан павлодарлық азамат ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:orinfo.ru Иллюстрациялық фото:orinfo.ru

Полиция №17 мектепті жарып жіберемін деп қорқытқан 44 жастағы Павлодар тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Полиция №17 мектепті жарып жіберемін деп қорқытқан 44 жастағы Павлодар тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 18 желтоқсанда болғаны хабарланды. Оқу орнына келген жедел-тергеу тобы ғимаратқа бір жарым сағаттан астам тексеру жұмыстарын жүргізген. Алайда жарылыс қаупі бар заттар анықталмады.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде қоңырау шалушы азамат анықталып, ұсталды. Ол мас күйде болған 44 жастағы Павлодар тұрғыны болып шықты. Жалған қоңырауды шалудың себебін ер адам түсіндіріп бере алмады.

Облыстық департамент аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының 1-бөлігі "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети