06 қараша 2021 08:38

Нұр-Сұлтанда үйден үш миллион теңгеден аса ақша ұрлаған бала күтуші ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia Фото: polisia

Нұр-Сұлтанда күтуші жұмыс берушісінің үйінен 8 700 доллар (3 737 000 теңге) ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда күтуші жұмыс берушісінің үйінен 8 700 доллар (3 737 000 теңге) ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бөлімшеге әйел хабарласып, әмиянынан 8 700 доллар жоғалып кеткенін хабарлаған. Әйел үйінде тамыздан бері жұмыс істеген 35 жастағы күтушіден күдіктенген.

"Ұрлық жасады деген күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды. Ұрланған ақша пәтерден табылып, тәркіленді. Әйел екі мың долларды айырбастап үлгергенімен, ұрланған ақшаны жұмсап үлгермеген", - деді полицейлер.

Ұсталған күтушіге қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети