16 қаңтар 2022 18:04

Оралда полицейдің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото Иллюстрациялық фото

Оралда полицейдің өзіне қол жұмсау дерегі тергеліп жатыр. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін полиция басқармасы басшылығының жауапкершілігі қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Оралда полицейдің өзіне қол жұмсау дерегі тергеліп жатыр. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін полиция басқармасы басшылығының жауапкершілігі қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 2021 жылдың үшінші желтоқсанында сағат 7:40-та болған. 20 жастағы кіші сержант табельдік қару алып, Орал полиция басқармасы ғимаратындағы бекетте өзіне оқ атқан.

Ол БҚО тумасы, ішкі істер органдарында 2021 жылдың мамырынан бастап, ал лауазымда 2021 жылдың тамызынан бастап қызмет еткен. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың маусымына дейін Қазақстан Қарулы Күштерінде мерзімді қызмет атқарған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына жауап ретінде кіші сержант Жанабаев қызметке орналасу кезінде арнайы тексеруден өткенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта іс ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін Орал полиция басқармасы басшылығының жауапкершілігі қаралады", - деді ведомство өкілдері.

Марқұмның отбасы бар ма деген сұраққа департамент сержант Жаңабаев үйленбеген деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети