06 қараша 2021 14:58

Табиғи резерват қызметкерлері ағаштарды заңсыз кесіп, ұрлады деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Павлодар облысының орман табиғи резерватында орманшылар қарағайларды заңсыз кесіп, ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Павлодар облысының орман табиғи резерватында орманшылар қарағайларды заңсыз кесіп, ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ертіс орманы" қызметкерлері қураған қарағайларды заңсыз кесіп, ұрлады деген күдікпен ұсталды. Шығын шамамен 1 миллион теңге", - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

"Браконьер" жедел іс-шарасы барысында күдіктілер ұсталған. Полицейлер рейд барысында Шекі ауылдық округінде Бәйімбетов орман шаруашылығының аумағында 18,25 текше метр жердегі қураған қарағайлар заңсыз кесіліп, жойылғанын анықтады. Кесілген ағаштарды тиеген жүк көлігінің ізі көрші аудандағы ауылдардың біріне апарған.

"Полиция қызметкерлері ауылды айналып өтіп, ауласында заңсыз кесілген ағаштар сақталған үйді анықтады, сонымен қатар аулада ағаш өңдеуге арналған цех болды", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Заңсыз ағаш кесу дерегі Павлодар облысының Шарбақты ауданында да анықталған. Ұрлық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Полицейлер мәліметінше, ер адам Шалдай ауылдық округіне қарасты Садық-Ащы ауылы маңындағы орманда 1 миллион теңгеден аса сомаға қураған және тірі ағашты заңсыз кескен.

Екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында ағаштарды заңсыз кесу және ұрлау бойынша 35 факт анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети