15 қаңтар 2022 10:51

Тараздағы ресейлік қыздың өлімі: полиция мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Mash Телеграм-арнасы Фото: ©Mash Телеграм-арнасы

Полиция департаменті Тараздағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ресейлік қыздың өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайдыт Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция департаменті Тараздағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ресейлік қыздың өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайдыт Tengrinews.kz тілшісі.

"1995 жылы туған М.Ким шынымен, Ресей азаматы болған, Қазақстан аумағында ықтиярхатпен тұрған. Ол тәртіпсіздіктер кезінде қарулы адамдар атыс бастағанда оқ жарақатынан қайтыс болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Аталған дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Mash Telegram-арнасы қызға жеті рет пышақ сұғылғаны, содан кейін оқ атылғанын хабарлаған еді. 

"Жарияланымдарда көрсетілген пышақ жарақаттары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп сендірді департамент өкілдері.

Telegram-арнадағы ақпарат бойынша, қыз кафеде жұмыс істеген, ол жұмыстан шыққан кезде қылмыс жасалған. Оқиғаның жарияланған нұсқасына сәйкес, қалада тәртіпсіздіктер басталғанда қызметкерлер кафе иесінен оларға көлік жіберуін сұрайды, бірақ ол бас тартқан. Қыз мекемені өзі жабуға мәжбүр болады, сол кезде оған қарақшылар шабуыл жасайды. Алайда мекеме өкілдері кешке, қайғылы жағдай болған уақытта, қызметкерлерді үйлеріне көлікпен жеткізгенін мәлімдеп отыр. 

Мына видеода қыздың мекемеден шығып, жолға қарай кетіп бара жатқанын көруге болады. 

Ресей елшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмысты мұқият және жан-жақты тергеу қажет екені туралы сұрау жібергенін хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети