27 мамыр 2022 14:24

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 27 мамырға қараған түні Хромтау аудандық ПБ кезекші бөліміне Хромтаудан 75 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Nissan Teana жүргізушісі Аққұдық ауылы маңында жол ережесін бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Осылайша, Хромтау ауданының 44 жастағы тұрғыны тізгіндеген ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болған. Сонымен қатар, Nissan Teana көлігінің жүргізушісі мен ВАЗ-2115 автокөлігінің үш жолаушысы Хромтау қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

Сурет:polisia.kz

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети