23 қаңтар 2023 11:24

Алматыда ірі жол апатынан үш адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/kris.p.original Фото:instagram.com/kris.p.original

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апаттан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апаттан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бір күн бұрын сағат 23:30-да Алматының Бостандық ауданында болған.

"Chevrolet көлігінің жүргізушісі 2003 жылы туған К. Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі мен оның 19 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - деді ПД өкілдері.

Факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети