08 маусым 2021 16:31

Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ТЖМ © ҚР ТЖМ

Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 маусымда сағат 11:54-те елордалық өрт сөндірушілер Герцен көшесінде болған өртті сөндіруге шықты.

"Өртсөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқандығы анықталды", - деді ТЖМ өкілі.

Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілгені хабарланды.

Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети