24 маусым 2022 13:05

Желіде Алматы облысы Кеген ауданындағы селдің видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Алматы облысы Кеген ауданындағы елді мекендерде сел жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Кеген ауданындағы елді мекендерде сел жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде оқиғаның видеоларын жариялап жатыр. Кадрлардан аулалар мен көшелерді су басып жатқанын көруге болады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше видеоға түсірілген.

"2022 жылғы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданында аз ғана уақыт жауған жаңбыр суы еңіске қарай ақты. Нәтижесінде, Түменбай ауылының Ақшоқы көшесінде сел жүріп, 11 ауланы шайып өткен. Қаза болғандар, зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ, тұрғын үйлерді су басу дерегі тіркелмеді", - деді ТЖД өкілі.

"Қазгидромет" РМК-ның 20.06.2022 жылғы ауа райына байланысты ескертуіне сәйкес, жауын-шашын салдарынан 2022 жылғы 21-23 маусым аралығында Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өзендерде көлбеу ағын болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Алматы облысының ТЖД өкілі азаматтарды 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауға, ауа райының өзгеруін бақылауға, сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети