19 шілде 2021 14:22

Қызылордадағы балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен

Қызылордадағы балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды. Орталықтың бірінші қабаты өртке оранды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылордадағы балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды. Орталықтың бірінші қабаты өртке оранды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарылыс бүгін сағат 7.20 шамасында болған.

"Жарылыс толқыны салдарынан ойын-сауық орталығының маңындағы 50 шаршы метр аумақта орналасқан ағаш сарай мен шатыр опырылып, Жеңіс көшесіндегі көрші үйдің терезелері де бүлінген.

Өрт қызметінің бірінші бөлімшесі оқиға орнына жергілікті уақыт бойынша 7.24 -те келді, барлаудан кейін өртті сөндіруге кірісті. Жарылыс салдарынан өрт 200 шаршы метрлік балалар ойын-сауық орталығының бірінші қабатын шарпыған", - делінген хабарламада.

 Құтқарушылар өртті 7.44-те оқшаулап, 8.15-те толығымен сөндірді. Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Өрттің шығуының алдын ала себебі - табиғи газдың шығуы", - деді ТЖД өкілі.

 Өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖД-ның 48 қызметкері мен 12 техникасы, полиция департаментінің 8 қызметкері мен 3 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 9 қызметкері мен 3 техникасы, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы, "ҚЭТК" АҚ-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети