08 қараша 2021 14:25

ІІМ Ақтаудағы жарылыстың мән-жайын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ішкі істер министрлігінде Ақтаудағы дәмханадағы жарылысқа себеп болу мүмкін нұсқалар айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның ішкі істер министрлігінде Ақтаудағы дәмханадағы жарылысқа себеп болу мүмкін нұсқалар айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов жарылыс туралы дабыл 7-нен 8 қарашаға қараған түні түскенін айтты. Оның айтуынша, жарылыс кезінде кафе жұмыс істемеген. Қылмыстық істі тергеу барысында үш газ баллоны тәркіленіп, бірнеше нұсқасы әзірленіп жатыр. Негізгі нұсқа - асханадағы газ баллонының жарылуы.

"Бірінші нұсқа - қысқа тұйықталу, әдетте электр сымымен байланысты, ал екіншісі - газ баллонының жарылуы. Әзірше осындай екі нұсқа бар. Бұл оқиғада қылмыстық сипаттағы нұсқа алынып тасталады. Әділет министрлігінің, сот сараптамасы орталығының сарапшыларымен және ТЖ қызметкерлерімен, әкімдік өкілдерімен бірге жүргізіліп жатқан оқиға орнын тексеру жұмыстары адам өлімі жоқ екенін, ешкім жарақат алмағанын көрсетеді", - деді ол.

Оның айтуынша, кешен маңында орналасқан сауда үйі мен асхана қираған.

"Бірнеше автокөлік бүлінді, жақын маңдағы ғимараттар қирады. Шығынды анықтап жатырмыз. Зардап шеккендер жоқ, ешкім осы жарылыс салдарынан ауруханаға барған жоқ. Бейнежазбалар бойынша оқиға орнын тексеруге жедел тергеу тобы құрылды. Қазір зардап шеккен адамдардың санын, олардың көліктерін, құнды заттарын нақтылау бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Сауда үйінде дүкендер де болды, осы бағытта жұмысты жалғастырамыз, жарылыс салдарынан зардап шеккендерден Маңғыстау облысының ПД-не немесе 102 телефоны бойынша хабарласуды сұраймын. Өңірде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Бәрінен жауап аламыз, залал сомасын нақтылаймыз, зардап шеккендерге қатысты қылмыстық заңнамада көзделген тергеу әрекеттерін жүргіземіз", - деп қосты Әділов.

Еске салайық, 7 қарашада кешке Ақтауда "Шерқала" кешенінде орналасқан екі қабатты "Аян" дәмханасында оқыс жарылыс болып, нәтижесінде ғимарат қираған еді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети