30 шілде 2022 09:46

Маңғыстауда жол апатынан төрт адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Республикалық Ақтау - Бейнеу тасжолының 325-шақырымында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.


Республикалық Ақтау - Бейнеу тасжолының 325-шақырымында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 шілдеде түс ауа болған. Lada Priora көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes Benz S-320 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Желіде апат орнынан түсірілген видео жарияланды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші, Lada Priora көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан қаза болды. Сонымен қатар, екі жолаушы зардап шекті, олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді облыстық полиция өкілдері.

Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданының полиция бөлімінде соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети