26 қараша 2021 15:17

Шымкентте денешынықтыру сабағынан кейін 7-сынып оқушысы қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Шымкенттегі мектептердің бірінде денешынықтыру сабағынан кейін 7-сынып оқушысының жағдайы нашарлаған. Балаға жедел жәрдем шақырылғанымен, ол ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Шымкенттегі мектептердің бірінде денешынықтыру сабағынан кейін 7-сынып оқушысының жағдайы нашарлаған. Балаға жедел жәрдем шақырылғанымен, ол ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

№1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты директорының айтуынша, оқиға 19 қарашада болған. Денешынықтыру сабағында 7-сынып оқушысының жағдайы нашарлаған. Мұғалім баланы жеке кабинетіне апарып, жағдайын мектептің медицина қызметкеріне айтқан.

Тексеруден кейін бірден балаға жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер баланың анасына алдын ала хабарлап, ауруханаға жатқызу туралы шешім шығарған.

"Жедел жәрдем баланы ауруханаға жеткізді. Бала жансақтау бөлімінде жатты. 20 қарашада таңертең анасына телефон шалып, жасөспірімнің жағдайын сұрағанда, ұлы түнде қайтыс болғанын айтты", - деді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

Ол дәрігерлер оқушыға жедел жүрек-өкпе жеткіліксіздігі диагнозын қойғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети