09 қараша 2021 11:33

Украиналық сайт қазақстандықтардың жеке деректерін таратқан

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Украинаның құқық қорғау органдары Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі сайттың жұмысына тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина ІІМ баспасөз қызметінің сайтына сілтеме жасап.


Украинаның құқық қорғау органдары Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі сайттың жұмысына тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина ІІМ баспасөз қызметінің сайтына сілтеме жасап.

Ғаламтор мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланып, жеке деректердің қорғалуына нұқсан келгені хабарланды.

"Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 200 миллионға жуық адамның, соның ішінде Қазақстан, Молдова, Белоруссия, Украина және ТМД азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі веб-ресурстардың бірінің қызметі тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Бұғатталған сайтта азаматтардың телефон нөмірлері, аты-жөні, тіркелген жерлері, ал кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілген әкімшілік қызметтер туралы ақпарат болған.

Бұл дерек бойынша Украина Қылмыстық Кодексінің 182-бабы ("Жеке өмірге қол сұғушылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін қазақстандықтар сайттардағы, соның ішінде мемлекеттік сайттардағы, WhatsApp-чаттардағы дербес деректерінің таратылғанына шағымданған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети