30 сәуір 2022 12:04

1 мамырда митинг болмайды. Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасап, 1 мамырдағы митингіге шақырулар заңсыз, ал әкімдіктер оны мақұлданғаны туралы ақпарат жалған екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасап, 1 мамырдағы митингіге шақырулар заңсыз, ал әкімдіктер оны мақұлданғаны туралы ақпарат жалған екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының әкімдіктері 1 мамырда Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысты митингілер өткізуге келісім берген деп жалған хабарламалар таратып жатыр. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делді Дембаев. Үндеу Бас прокуратураның сайтында жарияланды.

Бұл күні әкімдіктер елді мекендердің орталық алаңдарында "Қазақстан халқының бірлігі күнін" мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана өткізуді жоспарлап отыр.

Жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі көзделгені хабарланды.

"Алайда ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарға жоғарыда аталған қалаларда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар бермеген не олар бойынша келісуден бас тартылған. 

Тиісінше, заңды (3-баптың 3-тармағы) бұза отырып жүргізілген митингілерді ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке қамаққа алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады", - деді ол.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайтыны, ол 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейтіні ескертілді. 

"Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады. Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайды", - деді Дембаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети