01 ақпан 2023 09:34

12 градусқа дейін жылы: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты қар жауып, тұман болады. Республикамыздың оңтүстік аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктер өтетіндіктен, жауын-шашын (қар, жаңбыр), кей өңірде қатты жауын жауады", - делінген хабарламада.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Құбылмалы бағыттағы жел 1-6 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -12-14 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6 аяз, күндіз +3+5 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +10+12 градус жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети