30 сәуір 2022 13:09

40 градус аптап та, үсік те болады. Мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pixabay Сурет: pixabay

Қазақстанда мамырда көктемгі атмосфералық процестер жазғы түріне ауысады. Алайда ұзақ жылудан кейін, суық ауа райы оралуы мүмкін, ал түнгі уақытта тіпті үсіктер жүру ықтималдығы жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 


Қазақстанда мамырда көктемгі атмосфералық процестер жазғы түріне ауысады. Алайда ұзақ жылудан кейін, суық ауа райы оралуы мүмкін, ал түнгі уақытта тіпті үсіктер жүру ықтималдығы жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Сәуірден мамырға қарай Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында, сонымен қатар, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын мөлшері көбейеді. 

"Мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде +20+28 градус, оңтүстігінде +33 градусқа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталады. ҚР солтүстік-батыс бөлігінде циклондардың өтуімен жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кейінен осындай ауа райы Қазақстанның басқа аудандарында да болады", - делінген хабарламада.

Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондар ауысып, ауа-райы тұрақсыз сипатта болады және ауа температурасының ауытқуы болжанады:

  • республиканың батысында түнде +3+13 градус, өңірдің солтүстігінде 3 градус үсіктен +8+15 градус, күндіз +10+20 градустан +18+25 градусқа дейін;
  • еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+15 градустан 0,+7 градусқа дейін, кей уақытта 1-6 градус үсік, күндіз +18+25 градустан +8+18 градусқа дейін;
  • оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +10+20 градустан +5+15 градусқа дейін, күндіз +23+33 градустан +15+22 градусқа дейін.

Айдың екінші жартысында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының қарқынды шығарылуы нәтижесінде, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының біртіндеп +25+35 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында +30+35 градус, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40 градусқа дейін жоғарылауы болжанады.

Мамырдың екінші жартысының жекелеген күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай мен жаңбыр болжанады, аптап ыстықтың күндіз +20+25 градусқа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болады, дегенмен температуралық фон басым түрде жоғары болуы болжанып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети