07 қараша 2021 12:36

Абай шахтасындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Абай" шахтасында болған жарылыста зардап шеккен екі адамның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Абай" шахтасында болған жарылыста зардап шеккен екі адамның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"7 қарашада профессор Хафиз Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға шахтаның 1960 және 1963 жылғы екі қызметкері түсті. Екі науқас та шахталық газдан, оның ішінде метаннан және улы газдан қатты уланғаны анықталды. Науқастар жансақтауда. Клиника дәрігерлері барлық қажет медициналық көмекті көрсетіп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында жарылыс болды. Бұл кезде жер астында 64 адам болған. 6 адам қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети