14 ақпан 2024 16:07

Ажар Ғиният қандай қызметке келеді? Денсаулық сақтау министрі жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ажар Ғиният. Фото:gov.kz Ажар Ғиният. Фото:gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осы лауазымда бұрын басшы болған Ажар Ғиният туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осы лауазымда бұрын басшы болған Ажар Ғиният туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлназарованың айтуынша, ол Ажар Ғинияттың келесі қызметі қандай болатыны туралы әлі білмейді. Дегенмен, жаңа министр "міндетті түрде денсаулық сақтау жүйесінде болатынын" айтты.

"Қазір құнды кадрларды таратып жібере алмаймыз. Ажар Ғиниятқызының денсаулық сақтау жүйесіндегі әкімшілік жұмыста үлкен тәжірибесі бар, оның тәжірибесін міндетті түрде қолданамыз. Менің ойымша, жақын арада Ажар Ғиниятқызының қай салаға келетінін білесіздер. Нақты қандай қызмет екені әлі белгісіз. Бірақ бұл міндетті түрде денсаулық сақтау жүйесі болады, бізге оның тәжірибесі қажет. Қазір демалып жатыр, күнде хабарласып тұрамыз", - деді Әлназарова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети