11 желтоқсан 2023 17:40

Ақтөбе облысы тұрғындарын газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 95,5 пайызға жетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров мәлім етті.


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров мәлім етті.

Ол облыста елді мекендердің, оның ішінде ауылдық елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын қоса алғанда, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және жүйелі мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

"Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай халықты 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды. Биылғы жылдың соңына дейін 27 ауылды сумен қамтамасыз етеміз және бұл көрсеткішті 99,2 пайызға жеткіземіз. Келер жылы 11 ауылды сумен қамту жобаларын жүзеге асыру арқылы бұл көрсеткіш 99,8 пайызға жеткізілмек. Президент өз Жолдауында ауылдық елді мекендерді одан әрі газдандыру қажеттігін де атап өтті. Бүгінде облыс тұрғындарының 93,4 пайызы газбен қамтылған. Жыл басынан бері 17 ауыл газдандырылды, жыл соңына дейін облыс тұрғындарының 95,5 пайызын газбен қамтамасыз етеміз, келесі жылы 8 ауылды газдандыру жоспарлануда", - деді Асхат Шахаров баспасөз мәслихатында.

Өңірді одан әрі дамыту үшін маңызы зор "Бұхара-Орал" газ құбырының үшінші желісін салуға арналған инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Құны 43,4 млрд теңгені құрайтын жоба облыс орталығында қазірдің өзінде жылына 1,6 млрд текше метрге жететін газ тапшылығын алдағы 50 жылдың "күн тәртібінен" шығаруға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети