13 мамыр 2022 12:09

Алматыда ҚДСБ басшысының орынбасарын қызметінен босату туралы шешім қабылданады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидың қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидың қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жоғары лауазымды тұлғаның теріс қылықтары қаралып, қызметтен босату туралы ұсыныс жіберді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек", - деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 4 мамырда Алматы қаласының Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматының бас дәрігері орынбасарын қызметінен босатуды ұсынған болатын. Себебі, өткен айда әлеуметтік желіде Лаура Мырзағали қызметкерімен сыйлықақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған. Осы видеодан кейін Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жоғары лауазымды тұлғаның теріс қылықтары қаралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети