15 қаңтар 2022 10:01

Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқан 2402 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы заңсыз акциялар мен тонауға қатысқан 2402 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы комендатурасының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

"Лаңкестік әрекеттерге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз акциялар, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 402 адам ұсталды. 79 атыс қаруы мен 3 976 оқ-дәрі тәркіленді. Өткен тәулікте "102" пультіне 586 хабарлама түсті", - дейді комендатура өкілдері.

Бұған дейін Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция департаментінің ғимаратына 1000-нан аса адам шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети