09 ақпан 2024 12:29

Алматылықтарды түнде шыққан белгісіз дыбыс шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматылықтарды бүгін түнде шыққан белгісіз дыбыс алаңдатып қойды. Шу қаланың бірнеше жерінде анық естілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтарды бүгін түнде шыққан белгісіз дыбыс алаңдатып қойды. Шу қаланың бірнеше жерінде анық естілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудиожазба әлеуметтік желіде пайда болды.

"Иә, Абай-Мате Залка көшесінің бойымен келе жатып естідім, неткен біртүрлі дыбыс деп ойлаған едім", "Шамамен жер сілкінісі алдында шығатын дыбыс сияқты", "Алатау ауданында тұрамын, бірақ естіп ояндым", "Иә, көршінің иті қыңсылап, далаға шықтық, аспан қызғылт болып, әйтеуір мазасызданып кеттік", "Құрметті Алматы тұрғындары, бұл ЖЭО құбырларын тазарқандағы дыбыс, мен өзім ЖЭО маңында тұрамын және мұны үнемі естимін", - деп жазды комментаторлар.

Мұның себебін "Алматы электр станциялары" АҚ баспасөз қызметі түсіндірді. Баспасөз қызметі мәліметінше, таңертең технологиялық қорғаныс іске қосылған.

"2024 жылдың 9 ақпанында сағат 4:40-та технологиялық қорғаныс іске қосылды, нәтижесінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындары шуды естіді. Бұл қазандықтың автоматты қорғанысы жұмыс істейтін стандартты жағдай. Бұл тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге әсер етпегенін қосамыз", - деп түсіндірді баспасөз қызметі тілшіге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети