01 желтоқсан 2023 15:00

"АрселорМиттал Теміртау" зауытында кран құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

"АрселорМиттал Теміртау" зауытында кранның құлау себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"АрселорМиттал Теміртау" зауытында кранның құлау себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртаудағы металлургиялық зауытта аспалы кран құлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 30 қарашада №1 қаңылтыр прокат цехында алып аспалы кран жартылай опырылды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, конструкцияның құлауына кран арқалығы себеп болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.


"Дайындау учаскесінде Н., 80-82 осі бойынша құрылыс кран арқалығының тұтастығының бұзылуына байланысты көпір кранының бір жағы құлады. Ол 1998 жылы шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен жағдайлар анықталады. Тергеуді компания жүргізеді және ғимараттың құрылыс құрылымдарының зақымдануы және аспалы кранның қалыпты жағдайда болуына байланысты оқыс оқиғаға жатқызылады", - деді компанияның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети