09 маусым 2021 14:18

Автобуста қара нәсілді шетелдікке тиіскен ер адамның видеосы алматылықтарды ашуландырды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы автобусында қара нәсілді адамға тиіскен ер адамның видеосы Желі қолданушыларын ашуландырды. Полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы автобусында қара нәсілді адамға тиіскен ер адамның видеосы Желі қолданушыларын ашуландырды. Полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаны автобус жолаушыларының бірі видеоға түсіріп алған. Хабарлама авторы бұл 8 маусымда таңертең болғанын айтты.

"Бүгін 118-автобуста бір жағымсыз көріністің куәсі болдым. Абай аялдамаларының бірінде шетелдік қара жігіт кіріп, менің артымнан бірнеше метр жерге отырды. Бірнеше аялдамадан кейін ол автобус жүргізушісіне барды", - делінген Искандер Махияновтың Facebook-тегі жазбасында.

Оның айтуынша, жүргізушіден көмек ала аламаған шетелдік бос орынға отырады. Алайда жігіт оның соңынан еріп тиісе бастайды.

Жазбаға Алматы полиция департаменті жауап берді.

"Аталған дерек бойынша айыпталушылар анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын тексеру іс-шаралары жүргізіледі. Полицияға арыз түскен жоқ", - деді Алматы Полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети