23 қазан 2023 11:47

Бизнес идеядан бизнесті сәтті бастауға дейін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі заманауи кәсіпкерлік алаңда бәсеке деңгейі өте жоғары және бұл салаға жаңа қадам басқан жандарға нарықта өз орнын табу қиын. Көптеген стартаптар амбицияға толы, түрлі қайталанбас идеямен басталады, бірақ табысқа жету жолында қиындықтарды қалай жеңу керегін дәйім біле бермей, дағдарысқа ұшырайды.


Қазіргі заманауи кәсіпкерлік алаңда бәсеке деңгейі өте жоғары және бұл салаға жаңа қадам басқан жандарға нарықта өз орнын табу қиын. Көптеген стартаптар амбицияға толы, түрлі қайталанбас идеямен басталады, бірақ табысқа жету жолында қиындықтарды қалай жеңу керегін дәйім біле бермей, дағдарысқа ұшырайды.

Астана халықаралық университетінің бизнес-инкубаторын тәмамдаған 45 команда үшін кәсіптікқадам әлдеқайда жеңілдегені сөзсіз, әрі оқу барысы да аса табысты болды. Бизнес-инкубаторлар стартаптар үшін жан-жақты даму, білім алу және ресурстық мүмкіндіктерге ие болу жолдарын ұсынады. Мұнда қатысушылар табысты кәсіпкерлердің тәжірибесімен танысып, кәсіби кеңес алып, қаржылық демеушілікке де қол жеткізе алады.

Мұндай бағдарламалардың ең ұтымды тұсы – қатысушыларға алған теориялық білімді ісжүзінде қолдануға мүмкіндік беретін практикалық шаралар. Алты апта бойы жұмыс істеген AIU BUSSINES INNOVATION екі инкубациялық бағдарламасына қатысушылар бизнес-тренер мен жоба трекерінің қатаң қадағалауы арқылы кәсіпкерлік дағдыларын жетілдірді. Бизнес-инкубаторда өткен пайдалы уақыт команда мүшелеріне көптеген пайдалы жаңалықтар ашып, қайталанбас тәжірибе әкелді.

Тренинг аяқталғаннан кейін, инкубатор барысында DEMO DAY өтті. DEMO DAY-де команда жетекшілері сарапшылар мен инвесторлар алдында өздерінің бизнес-идеяларын ұсынып, қорғады. Қатысушыларды қолдауға Астана қаласының венчурлық қорларының өкілдері мен тәжірибелі кәсіпкерлер келді. 3 минут ішінде әр спикер өз жобасы туралы айтып, жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін артықшылықтарын таныстыруы тиіс еді. Әрбір команда өз өнімінің қайталанбас ұтымды тұстары мен жаңашылдығын көрсетіп, сонымен қатар, шара қонақтарының сұрақтарына жауап берді. Жобалар кондитерлік өнімдерді өндіруден бастап, білім орталықтарын ашуға дейін алуан түрлі болды. Мысалы, Betula студенттер командасы бетулинді қолдану арқылы инновациялық косметика жасау технологиясын ұсынса, Steppe Qaq тобы экоөнім ретінде таныстырылғанқақ өндірісі бастамасын қорғады.

Сарапшылар Amazonica жобасын тағамдық қоспаларды өндіруге арналған идеялары үшін де атап өтті. Белсенді жұмыс пен жобаларды қорғаудан кейін әрбір қатысушы мемлекеттік қаржыландыру және бизнесті қолдау бойынша конкурстарға қатысу құқығын растайтын сертификат алды.

Стартаптар мен бизнес-жобаларға қолдау және консалтингтік қызмет көрсету сұрақтары бойынша келесі электрондық пошта мекенжайларына хабарласуға болады: Болат Балтабаев, бизнес-инкубатор жетекшісі, b.baltabaev@aiu.edu.kz; Смагулова Зубираш – "AIU BUSSINES INNOVATION" жобасының үйлестірушісі, z.smagulova@aiu.edu.kz; Усипбеков Алибек – "AIU BUSSINES INNOVATION" жобасының үйлестірушісі, a.usipbekov@aiu.edu.kz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети