31 қаңтар 2023 17:02

Бос тұрған жерге бірден тұрғын үй салынады - Тоқаев Астана туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың қала құрылысы тұжырымдамасын қайта қарау керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың қала құрылысы тұжырымдамасын қайта қарау керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана тұрмысқа жайлы шаһар болуы керек. Ең алдымен, қаланы дамыту тұжырымдамасын қайта қараған жөн. Қазір Астанада саябақтар жетіспейді. Тұрғындар серуенге шығатын, демалатын орындар аз.

Бірақ қала әкімдігі мұны ескермей, құрылысқа рұқсат береді. Бос тұрған жерге бірден тұрғын үй салынады. Саябақтарды, жаяу адамға арналған көшелерді көбейту қажет. Қаланы жоспарлаған кезде мұның бәрін алдын ала ойластыру керек", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазір Есіл жағалауына дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Бұл мәселеде Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазан қаласының тәжірибесін зерттеуге болады

"Бұл қаланың көшелері, саябақтары және жағалау алаңдары өте әдемі және тартымды. Біздің мақсатымыз - Елордамызды жылдың кез келген мезгілінде халқымызға және шетел адамдарына барынша қолайлы ету, Астананың келбетін мейлінше жақсарту", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети