30 қараша 2021 09:49

ДДСҰ басшысынан қазақстандық вакциналарды тіркеуді жеделдету сұралды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына қазақстандық вакциналарды тіркеуді тездету туралы өтінішпен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына қазақстандық вакциналарды тіркеуді тездету туралы өтінішпен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр өзінің Facebook-тегі парақшасында ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесу Мемлекет басшысының Швейцарияға ресми сапары аясында өткенін хабарлады.

"COVID-19-ға қарсы әзірленген қазақстандық екі вакцина туралы айтылды. Бұл QazCovid-in (немесе QazVac) инактивтендірілген вакцинасы және QazCoVac-P суббірлікті вакцинасы. QazVac вакцинасы Қазақстан аумағында 18 ай мерзімге уақытша тіркеуден өтті. QazVac мұсылман елдерінде әзірленген жалғыз вакцина және Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы ұсынған халал сертификаты бар. ДДСҰ басшысынан қазақстандық вакциналарды тіркеу процесін жеделдетуге қолдау көрсетуді сұрадық", - деді Цой өз парақшасында.

Министр биыл маусымда COVID-19-ға қарсы екінші қазақстандық вакцина - QazCoVac-P суббірлікті вакцинасы клиникалық зерттеулер кезеңінде ДДСҰ кандидаттық вакциналар тізіміне енгізілгенін еске салды.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, кездесу барысында тараптар бүгінде әлемнің 10 елінде табылған "омикрон" жаңа штамына қарсы тұру тәсілдерін талқылады.

"Денсаулық сақтау саласының екі маңызды терминін, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды біріктіруді, 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту бойынша жоғары деңгейдегі отырыс қарсаңында Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде денсаулық сақтаудың бірлескен күн тәртібін ілгерілетуді жалғастыруды ұсынамыз", - деп атап өтті Цой.

Тараптар COVID-19 пандемиясы және одан кейін қалпына келтіру кезеңінде ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуетін күшейту үшін одан да маңызды мәнге ие болатынын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып, коронавирустың жаңа "омикрон" штамы туралы жаңартылған деректерді жариялағаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети