15 қаңтар 2022 21:39

Денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалды - ДСМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге 500-ден аса ауыр хирургиялық операция жасалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге 500-ден аса ауыр хирургиялық операция жасалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларының жедел мәліметі бойынша, ТЖ енгізілген сәттен бастап 2678 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінген. 

"Оның ішінде амбулаториялық көмекке 1815, стационарлық емдеуге барлығы 863 адам, 593 пациент үйге шығарылды. 265 адамға емдеуді жарғастырып жатыр, 67 науқас ауыр халде жансақтауда. 500-ден аса ауыр хирургиялық операция жүргізілді.

Жаппай тәртіпсіздік барысында Денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалды. 5 ауруханаға, 1 емханаға және Алматы қаласындағы 14 дәріханаға. 7 медицина қызметкері зардап шекті. 5 - Алматыда, 1 - Шымкент, 1 - Алматы облысында. 45 жедел жәрдем көлігі зақымдалды, Алматы - 31, Шымкет - 7, Жамбыл облысы - 2. 4 автомобиль жөндеуге жатпайды", - деді ол. 

Сондай-ақ, Алматыдағы үш медициналық клиника, 7 және 12 қалалық ауруханасы шамамен үш тәулік террористермен қоршауда болғаны хабарланды.

"Бұл уақытта қызметкерлер ауысымсыз бірнеше тәулік бойы жұмыс істеді. Науқастар үшін тамақ жеткізілмеді. Дәрігерлер пациенттер үшін тамақ дайындады", - дейді Әсел Артакшинова.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети