28 ақпан 2024 15:38

Депутат ақша аударымдары миллион теңгеге дейінгі қазақстандықтарға "тиіспеуді" ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынамыз: тек микробизнес деңгейінде айына миллион теңгеден [асатын] аударымдарға ғана критерий енгізу", - деді ол.

Ақша-кредит саласына келетін болсақ, Азат Перуашев Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін едәуір төмендетуді ұсынды.

"Бүгінде 6 ірі банк 67 пайызды бақылайды, бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің үштен екісі, бұл қалыпты жағдай емес. Бәсекелестікті қамтамасыз ету және несиелендіруді ынталандыру үшін ірі банктерді бөлу мәселесін қарастыру қажет", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети