16 ақпан 2023 10:07

Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты атауын өзгертті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты Elbasy.kz домендік атауын Nazarbayev.kz деп өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты Elbasy.kz домендік атауын Nazarbayev.kz деп өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді мекенжай жолағына Elbasy.kz деп терсе, пайдаланушы автоматты түрде Nazarbayev.kz сайтына бағытталады.

Сайт та өзгерген. Бұрын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылса, енді одан "Елбасы" сөзі алып тасталған.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети