22 маусым 2022 19:22

Ерлан Қошанов: Қоғамдық палата құру - уақыт талабы 

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс жанынан жаңа диалог алаңы - қоғамдық палата құрылады. Бұл бастама Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс жанынан жаңа диалог алаңы - қоғамдық палата құрылады. Бұл бастама Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, қоғамдық палата құру - уақыт талабы, сондай-ақ, Президент бастамашы болған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындауға бағытталған тағы бір нақты қадам.

"Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, заң шығарушылар халықтан алшақтап кеткен, яғни, халық бір жақта, заң бір жақта деген пікір бар. Сондықтан, қоғамдық палатаның басты мақсаты - неғұрлым өзекті, резонансты заң жобаларын "бірінші оқылымға дейін" қоғамның талап-тілегі тұрғысынан қарастыру. Мемлекет басшысы айтқандай, қызу қоғамдық пікір-талас әлеуметтік желілер мен алаңдарда емес, Парламент қабырғасында өтуі керек", - деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар, Палата төрағасы қоғамдық палатаның отырыстарына өңірлердегі қоғамдық кеңестерді де бейнебайланыс арқылы қосу жоспарда екенін айтып, оның құрамы үнемі жаңартылып отыратынына, басым көпшілігі қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес сектордың өкілдері, саясаттанушылар мен сарапшылар болатынына тоқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети