30 қараша 2021 09:18

Есікте жазда құрғап қалған өзен жағасы 330 миллион теңгеге абаттандырылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Есік қаласының орталығында құны 330 миллион теңгеден асатын жаяу жүргіншілер алаңы жасалады. Ол биыл жазда құрғап кеткен Есік өзені маңына салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматы облысы Есік қаласының орталығында құны 330 миллион теңгеден асатын жаяу жүргіншілер алаңы жасалады. Ол биыл жазда құрғап кеткен Есік өзені маңына салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Шенеуніктердің айтуынша, серуендеу алаңын қайта құру Есік өзені бойындағы шағын сәулет нысандарын біріктіруді қарастырады. Сонымен, сол жағалауда үш ойын алаңы, бір воркаут алаңы, веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолы салынады деп жоспарланған. Ал оң жақ жағалауда хоккей алаңы, шағын футбол стадионы, екі автотұрақ салынып, көгалдандырылып, көпжылдық қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылады.

Бірінші кезеңде абаттандырылған учаскенің ұзындығы шамамен бір шақырым. Оған 331 миллион теңге бөлінген.

"Бұл жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Биылғы жылы учаскенің шамамен бір шақырымын аяқтау жоспарланған, оған 331 миллион 99 мың теңге бөлінген. Одан кейінгі жылдары қалған кезеңдерді жүзеге асыру жоспарланған", - деді аудан әкімдігі өкілі.

Биыл маусымда Желі қолданушылары Есік өзенінің жағдайына алаңдаған болатын.

Есік қаласы 1854 жылы Надеждинская станциясы болып құрылған. 1923 жылы ауылдың аты Иссык болып өзгертілді. 1968 жылы Иссык қала мәртебесін алды. 1993 жылы Иссык қаласы атауының орыс тіліндегі транскрипциясы Есік болып өзгертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети