18 қаңтар 2022 10:35

Жаппай тәртіпсіздік: ІІМ қызметкерлеріне 150 мың теңгеден төленеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ТЖ режимі кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған қызметкерлерге 150 мың теңге көлемінде сыйақы бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ТЖ режимі кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған қызметкерлерге 150 мың теңге көлемінде сыйақы бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жоспарына сәйкес, Ішкі істер министрлігі үш шара бойынша негізгі орындаушы саналады. Біріншісі - жауынгерлік әзірлік пен техниканы арттыру, әскери қызметкерлер рухын көтеру шараларын қабылдау. Ең алдымен, арнайы жасақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген. Жалпы, үкіметтік резервтен материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат бөлінді", - деді министр үкімет отырысында.

Тұрғымбаевтың айтуынша, жеке құрамның рухани-адамгершілік рухын сақтау мақсатында қызметкерлер бойында отансүйгіштік пен борышқа адалдық сезімін ояту шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қызметкерлер жұмысын бағалап, ынталандыру шаралары жүргізіледі.

"Мәселен, төтенше жағдай кезінде құқық қорғау қызметіне тартылған қызметкерлерге 150 000 теңге көлемінде сыйақы және курсанттар мен сарбаздарға бағалы сыйлықтар бөлінді", - деп қосты Тұрғымбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети