04 маусым 2023 08:43

Жетісу облысында патрульдік полицейлер мас жүргізуші басқарған көлікті тоқтатуға мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Жетісу облысында патрульдік полицейлер мас жүргізуші басқарған көлікті тоқтатуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жетісу облысында патрульдік полицейлер мас жүргізуші басқарған көлікті тоқтатуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл дерек Текелі қаласында тіркелді. 3 маусымда облыстық батальонның патрульшілері Mitsubishi Delica автокөлігін ұстады. Жапондық шетелдік көлікті мас күйінде 24 жастағы ер адам басқарған.

Көлік жүргізушісі тоқтау талабына бағынбай, асқан жылдамдықпен жасырынуға тырысты. Полицейлер ауыр зардаптарға жол бермеу үшін қару-жарақ қолданып, табельдік Макаров тапаншасынан оқ атып, құқық бұзушыны тоқтатуға мәжбүр етті.

Ұсталған адам мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети