22 желтоқсан 2023 16:09

Жетісулық жас көшбасшылар марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото. Жеңіс Ысқабай Фото. Жеңіс Ысқабай

Облыс әкімінің жыл сайынғы "Көшбасшы-2023" жастар сыйлығын тапсыру рәсімі Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы театр сахнасында өтті. Іс-шарада өз потенциалын түрлі салада абыроймен танытқан ең дарынды, креативті жетісулық жастар марапатталды. Олардың ішінде үздік кәсіпкер, оқушы, студент, дәрігер, спортшы, журналист, қоғам белсендісі және т.б. бар. Он номинациядан тұратын байқаудың қорытындысында жеңімпаздардың әрқайсысына облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы статуэткалар, дипломдар мен ленталар табыс етті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Облыс әкімінің жыл сайынғы "Көшбасшы-2023" жастар сыйлығын тапсыру рәсімі Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы театр сахнасында өтті. Іс-шарада өз потенциалын түрлі салада абыроймен танытқан ең дарынды, креативті жетісулық жастар марапатталды. Олардың ішінде үздік кәсіпкер, оқушы, студент, дәрігер, спортшы, журналист, қоғам белсендісі және т.б. бар. Он номинациядан тұратын байқаудың қорытындысында жеңімпаздардың әрқайсысына облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы статуэткалар, дипломдар мен ленталар табыс етті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жастарды құттықтаған Бейбіт Исабаев Президенттің бастамасымен қолға алынған саяси және әлеуметтік жаңғыртулардың нәтижелі болуы негізінен жас ұрпақтың біліміне, кәсібилігіне және азаматтық ұстанымына байланысты екенін айтты.

"Сіздерді зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін таныта білетін, жаңа идеялардың, прогрессивті әрі пайдалы бастамалардың қозғаушы күші деуге болады. Біз сіздерге жан-жақты қолдау көрсетеміз. Биылғы жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен жас мамандарға несие беруге 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, оған қоса көтерме жәрдемақыларға жергілікті бюджеттен 162 млн. теңге жұмсалды. Сондай-ақ "Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасы аясында гранттар берілді. Он жаңа бизнес-идея мен бастамаларды іске асыруға 30 млн. теңге, яғни әрбір жобаға 3 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар 80 млн. теңге "Жасыл ел" жобасына бағытталды. Бұл, әрине, аз емес. Бүгін біз жастардың арасынан оқуда, ғылымда, спортта, шығармашылықта, кәсіп пен бизнесте үздік шыққандарды марапаттаймыз. Бұл да – тұрақты дәстүрге айналған қолдаудың бірі", - деп атап өтті Б. Исабаев.

Жеңімпаздардың бірі "Үздік оқушы" номинациясын жеңіп алған Аяжан Ысан – Талдықорған қаласының №4 орта мектебінің оқушысы, "Елбасы медалі" республикалық жобасының қола жүлдегері, Гарвард Университетінің жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық бағдарламаның финалисі. Ол Чехиядағы ағылшын тілінен өткен, халықаралық олимпиадада І орынды иеленген.

"Үздік жас журналист" номинациясында Аяулым Сансызбаева жеңімпаз атанды. "Жетісу" телеарнасының шығарушы редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, "Жас тілші" медиа-жобасының жетекшісі, тележурналистен шығарушы редакторға дейінгі жолдан өтіп, облыстық телеарнада 14 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Дәрігерлер әулеті - Сырымовтар отбасы "Үздік жас отбасы" атанды. 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасының отағасы Жаннұр Мәуленұлы – Көксу аудандық орталық ауруханасының директоры. Жас дәрігер медицина саласында 12 жылдан бері жұмыс істейді, уролог-трансплантолог, ал жұбайы Айдана Қайратқызы – сәулелік диагностика дәрігері.

Сурет: Жеңіс Ысқабай

"Үздік жас кәсіпкер" аталымының жеңімпазы Панан Нарынбаев –Кәсіпкерлер Палатасының Панфилов аудандық филиалының директоры, "Zharkent ecoproduct" ЖК басшысы, ол жеміс өңдеумен, яғни жеңіл тағамдар мен қақ өндірумен айналысады. Бұған дейін кәсіпкер инновациялық жобалар байқауында грант жеңіп алған болатын.

"Қымбатты жастар, армандарыңыз асқақ болсын, сол армандарыңызды жүзеге асырыңыздар. Сіздердің барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!" - деді Бейбіт Исабаев.

Бұдан әрі салтанатты рәсім мерекелік концертке ұласты.

Еске салсақ, конкурсқа қатысуға 100-ден астам үміткерден өтінім түскен. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен олардың 10-ы өз саласында үздік деп танылды. Жалпы Жетісу облысында 14-35 жас аралығында 188 мың жас тұрады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети