15 қараша 2023 17:04

Жолшылардың халықаралық көрмесі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 15 қарашада "ЭКСПО" халықаралық көрме орталығының аумағында ХІХ "Kaztraffic-2023" халықаралық көрмесі ашылды.


Бүгін, 15 қарашада "ЭКСПО" халықаралық көрме орталығының аумағында ХІХ "Kaztraffic-2023" халықаралық көрмесі ашылды.

Экспозицияда Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жетекші автожол компанияларының жолды жөндеу және күтіп ұстау саласындағы соңғы жетістіктері мен жаңа жобалары таныстырылды.

"KazRoadLab" жобасы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл инновациялық жүйені Жол активтері сапасының ұлттық орталығы сынақ зертханасының жұмысын автоматтандыру және цифрландыру үшін жасаған. Ол жол-құрылыс материалдарының зертханалық сынақтарының нәтижесін электронды форматта көрсетуге мүмкіндік береді.

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" кешенді автоматтандыруды жүргізуде. Зертханашыларда қалам, дәптер, журнал орнына планшет бар. Битум, керн және басқа жол құрылыс материалдарын сынау нәтижесінің деректері KazRoadLab электрондық базасына енгізілген. Барлық сынақ есебі осы дерекқорда сақталады. Жүйенің артықшылығы: тест нәтижесіне адами фактор ықпалының болмауы, сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту", - деді ЖАСҰО сынақ зертханасының сарапшысы Жанна Молдакімова.

Көрмеде ҚР Көлік министрлігінің "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК цифрландыру жобалары назарға ұсынылды. Олардың қатарында зертхана қызметкерлеріне жаңа әдістерді, технологияларды меңгеруге көмектесетін, жолды зерттеу және техникалық сараптама дағдыларын жетілдіретін виртуалды тренажер бар.

ЖАСҰО цифрландыру бөлімінің бас маманы Кирилл Гриненко: "Әлемде автомобиль жолдары саласындағы виртуалды тренажердың баламасы жоқ. Бұл – компаниямыздың ноу-хауы. Жобаның мәні қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жолдың, материал сапасын және қауіпсіздік шараларын тексеру білімдерін сынау. Бұл тәсіл қызметкердің кәсіби деңгейін және жол жұмысының сапасын арттырады. Болашақта виртуалды тренажерды пайдаланып, жас мамандарды сертификаттау орталығын ұйымдастыру жоспарда бар".

Көрмеде "Инновациялар мен инфрақұрылымның тоғысуы: жол саласын дамыту формуласы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Конференцияда ішкі және халықаралық маңызды автомобиль жолдарын тиімді жобалау, іске асыру және күтіп ұстау мәселелері талқыланады. Көрмеде ҚР ІІМ, ҚР Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті, "ЖАСҰО" РМК, "Қаздор ҒЗИ" АҚ мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, шетелдік сарапшылар презентация жасайды.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети