05 қараша 2021 17:39

"Жұмыс жүргізіліп жатыр" - министр Қазақстандағы электрон темекі нарығы туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанда бір реттік электрон темекілерге акциз енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанда бір реттік электрон темекілерге акциз енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселені тек Денсаулық сақтау министрлігімен бірге талқылаймыз. Әзірге нақты айта алмаймын. Барлық тарап пікір білдіруі үшін кәсіпкерлердің де пікіріне құлақ асу керек. Бұл бір күндік мәселе емес. Сондықтан қазір ештеңе дей алмаймын. Депутаттармен және жұмыс тобымен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Бұған дейін 26 жастағы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Қазақстанда бір реттік электрон темекі мен вейп сатуға тыйым салып, қолда бар темекілерді сатпауды ұсынған еді.

Қазанның басында Қазақстанда нарыққа бір реттік электрон темекі шығаруға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті никотині бар өнімдерге қойылатын талаптардың жобасын жария талқылауға шығарды.

Электрон темекілер - тұтынушы жұтатын жоғары дисперсті аэрозоль шығаратын электронды құрылғы. Құрамында хош иісті қоспалар мен никотин болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети