01 сәуір 2024 13:03

"Жымиып, күліп тұр". Бишімбаевқа ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Сот отырысында куәлік беріп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот отырысында куәлік беріп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінгі отырыста Қуандық Бишімбаев куәлік беруге кірісті. Ол қазір Салтанат Нүкеновамен таныстығы, қарым-қатынасы туралы айтып жатыр. Прокурор оның жмиып, күліп тұрғанын айтып, ескерту жасады.

"Ол жымиып, күліп тұр. Бұл сот емес пе. Жымиып қана емес, сіз күліп тұрсыз. Еркін әңгімелеп (куәлік - еск.) берсін. Сотта тұрғанын түсіне ме?", - деді мемлекеттік прокурор.

"Сотталушы Бишімбаев, мысқылсыз, күлмей, істің мән-жайын айтып беріңіз. Марқұмның туыстарына құрмет көрсетіңіз", - деді судья оған.

Бұған жауап ретінде Бишімбаев мысқылдамағанын, естелігіне күлімсірегенін айтты.

"Егер біреудің көңіліне тиіп кеткен болсам, барлығынан кешірім сұраймын. Бұл менің мысқылдап тұрғаным емес. Бұл естеліктерім, бұл жағымды естеліктер, мүмкін бейсаналы түрде болуы мүмкін", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап, кешірім күтпейтінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол Салтанат Нүкенованы қасақана өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтынын, оның өліміне өзінің қатысы бар екенін мойындайтынын қайталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети